Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді
Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді
433
оқылды
Ақтөбе облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді. Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшемді өмірге әкелген ана 13 жыл бойы тағы да балалы болуды армандаған.
«Отбасының тұңғышы 13 жаста. Содан бері балалы бола алмаған соң квотаға өтініш берді. Үшемге жүкті болған кезде біз үнемі бақылап, өз қадағалауымызға алдық. Анасы баланы айы-күні жеткенде кесір тілігі арқылы өмірге әкелді. Қазір үш сәби де анасының жанында. Жағдайы жақсы», –  деді облыстың штаттан тыс бас репродуктологі Светлана Есенаманова.
Анасы мен сәбилер әзірге перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болады.