Маңғыстауда жолда жүк көлігі өртеніп кетті – видео
Маңғыстауда жолда жүк көлігі өртеніп кетті – видео
Фото: lada.kz
215
оқылды
Маңғыстауда жүк көлігі өртенді, – деп жазады lada.kz. Дереккөздің жазуынша, жүк көлігі Жетібай-Құрық жолында өртенген. Өрт сөндірушілер жеткенше жүк көлігі түгелдей  жанып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тіркемесі бар Mersedes маркалы жүк көлігінің өртенгені туралы ақпарат Қарақия аудандық бөлімшеге 1 маусым күні сағат 17.25-те түскен. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына бес өрт сөндіруші барған. Өрт толықтай сағат 17.59 сөндірілді. https://youtu.be/dJh-SErnxTY Оқиғаның  мән-жайы тексеруден соң белгілі болады.