Ресейден келген алаяқтар елорда тұрғынының 137 миллион теңгесін алдап алған
Ресейден келген алаяқтар елорда тұрғынының 137 миллион теңгесін алдап алған
© matritca.kz
282
оқылды
Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреулер оның 137 миллион 94 мың теңге ақша қаражатын алдап, иемденіп кеткенін айтқан, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Ер адамның айтуынша, оған телефон арқылы белгісіз екі адам қоңырау шалған. Олардың бірі – ер адам өзін қала прокурорының орынбасары ретінде, ал екіншісі – әйел адам өзін қаржылық бақылау бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған. Олар оған алаяқтар өз шотынан ақша алуға тырысып жатқанын және бұл ақшаны үнемдеу үшін оны банктің кепілдік шоттарына жіберу керек екенін айтқан. Осылайша, ер адам өзінің барлық ақшасын 15 рет әртүрлі шотқа аударған. Жедел-іздестіру шарасы барысында «Сарыарқа» ауданының жедел уәкіл қызметкерлері күдіктілердің бірі ретінде  Ресей Федерациясының 33 жастағы азаматын ұстады. Қылмыстық топтың екі қатысушысы республикадан тыс жерде жасырынып үлгерген. Қазір   іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында қылмыстық топ жалған азаматтар арқылы банк карталарын рәсімдегені анықталды. Осылайша, бір ай ішінде күдіктілер Қазақстанда әртүрлі банкте ашылған 35 банк картасын алған. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны олар қолма-қол ақшаға айналдырып, АҚШ долларына айырбастаған. Кейін қаскүнемдер валютаны криптовалютаға айырбастап, Ресей Федерациясына жіберген. Қазір  ұсталған азамат қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы  4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
«Егер сізге осындай қоңырау түссе, ешқандай жағдайда SMS кодты бермеңіз! Әңгімені үзіп, банктің Сall орталығының ресми телефондары бойынша ақпаратты нақтылаңыз. Барлық қауіпсіздік шараларын қосыңыз, 3D-Secure, сіздің телефон нөміріңізге СМС хабарлама жібермей ешқандай төлем жасалмайды. Операцияларды жүргізу үшін осы кодты енгізу арқылы ғана растай отырып, сіз қандай да бір төлем операциясын жүргізе аласыз. Сондықтан мұндай қауіпсіздік әдістерін қосу керек», – деп ескертті полицейлер.