Ауа райы: 3 маусым күні дауыл соғып, күн суытады

Ауа райы: 3 маусым күні дауыл соғып, күн суытады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 3 маусым күні ауа райы құбылмалы болады. Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 3 маусым күні күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және таулы аудандарда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Шымкентте таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістанда найзағай, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні  –15-20 м/с. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады. Түнде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Көкшетауда найзағай, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде найзағай ойнайды, өрт қаупі сақталады. Күндіз Павлодар облысында найзағай ойнады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, солтүстікте, шығыста желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Петропавлда күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні –15-20 м/с. Жамбыл облысының таулы аймағында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.