Тарихи өзгерістердің алдында тұрмыз
Тарихи өзгерістердің алдында тұрмыз
506
оқылды
Президент Жолдауынан туындаған Конституциялық ре­формалар – шын мәнінде өте қо­мақты реформа. Егер Ата За­ңы­мызға толықтырулар мен өз­ге­рістер енгізілетін болса, хал­қы­мыздың хал-ахуалын, әл-ауқатын және басқа да жағдайын, мәселен саяси, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік жағдайының барлығын ары қарай шешуге жол ашатын болады. Атап айтқанда, суперпре­зи­денттік басқарудан бас тартып, Президент өз өкілеттігін Пар­ламент пен Үкіметке беріп жатыр. Парламентті жасақтау мәселесі екі жүйемен шешілетін болды. 70 па­йызы пропорционалдық, яки пар­тиялық жүйемен, ал 30 пайызы можаритарлық жүйемен, яки жеке тұлғалардың өздерін өздері ұсы­нуы бойынша жүреді. Одан кейін, депутаттар берген уәдесін орын­дамай, үмітті ақтамай жатса, императивтік мандат деген бар. Оларды кейін қайтарып алуға құ­қығы бар. Конституцияға осындай жаңашылдық енбек. Бұл Парла­ментті жасақтауға қатысты. Енді мәслихатқа келер болсақ, бұрын облыстық, қалалық әкім­дер­дің кандидатурасына бір-ақ адам ұсынылатын болса, енді екі және одан көп адамнан жергілікті депутаттар таңдап алады. Депу­таттар дегеніміз – халықтың өкілі, сол себептен мұны демократия­лық көріністер деп сеніммен айта аламыз. Әркім мемлекеттік басқаруға қатысты жауапкершілігі барын білуі керек. Сол себепті 5 маусым күні әркім өзінің учаскесіне ба­рып, өз таңдауын жасағаны жөн. Дәл қазіргі сәтте біз тарихи өзге­ріс­тердің алдында тұрмыз.

Өмірәлі ЖАЛАЙЫРИ, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, з.ғ.д., профессор