Бейжай қарауға болмайды
Бейжай қарауға болмайды
504
оқылды
Наурыз айындағы Жол­да­уын­да Президент партияларды тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендетуді ұсынды. Мемлекет басшысы сондай-ақ өңір­лік өкілдіктердің санын үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азайтуды, партия құру үшін бас­тамашыл топтың ең төменгі шегін үштен бірге, яғни 1 000-нан 700 адамға дейін қысқартуды, құ­рыл­тай съезін өткізу және партия филиалдарын құру мерзімдерін ұлғайтуды ұсынды. Міне, осы реформа саяси партиялар арасында бәсеке­лес­тікті қалыптастырып, азамат­тар­дың ел дамуына атсалысуына үл­кен мүмкіндік береді. Жаңа пар­­тия құрудағы жеңілдіктер ха­лық­тың саяси белсенділігін арт­тыра­ды. Күнделікті жаңа­лық­тар­дан көріп отырғанымыздай, қа­зірдің өзінде белсенді азамат­тар партия құруға дайындықты бастап кетті. Осыншалық ауқымды ре­формаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкіл халықтық деңгейдегі міндет. Сон­дықтан ел тағдырына бейжай қарамайтын әр­бір азамат 2022 жылғы 5 мау­сым­­да өтетін рес­пуб­ликалық ре­фе­рендумда өз таң­да­уын жасауы тиіс.

Қамбар АХМЕТ, Saryarqa Aqparat медиахолдингінің директоры, Конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі облыстық штабтың мүшесі