Қазақстан фермерлері техника паркін жаңарту стратегиясын ұсынды
Қазақстан фермерлері техника паркін жаңарту стратегиясын ұсынды
153
оқылды
Бүгін Қазақстан Фермерлер қауымдастығының қамқорлығымен еліміздің аграрийлері мен машина жасаушыларының ауқымды республикалық онлайн кеңесі өтті. Диалогтік алаң алдағы егін жинау науқанына дейін отандық ауыл шаруашылығы техникасы паркінің ағымдағы жай-күйін және оның нақты мүмкіндіктерін талқылауға арналған. Айтылған мәселелер мен ұсыныстарды жедел шешу мақсатында кездесуге ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын қазақстандық зауыттардың өкілі шақырылды. Ең көп талқыланған тақырыптардың бірі – тракторлар мен комбайндар паркін жаңарту бойынша лизингтік бағдарламалар белсенділігінің төмендеуі. Фермерлердің пікірінше, бүгінде барын сақтап қана қоймай, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау үшін жаңа жағдайлар жасау қажет. Мысалы,  4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бағдарламасының сәтті тәжірибесі келтіріліп, оған сәйкес 16 мамырдан бері 10 мыңға жуық өтінім мақұлданып, 1 618 автокөлік берілген. «Алайда қаражат бөлу туралы шешім қабылданған кезде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қаражат қарастырылмаған, қазақстандық фермерлер қайтадан ескерусіз қалды. 2022 жылғы егін жинау науқанына уақытылы дайындалу, сондай-ақ процесті бюрократиясыздандыру мақсатында, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингті несиелендірудің осындай бағдарламасын іске қосуды ұсынамыз», – деп атап өтті фермерлер шаруа қожалықтары басшыларының көпшілігі қол қойған үндеу хатта. Бастаманы іске асыру үшін отандық өндірістегі тракторларды, комбайндарды, аспалы және тіркеме техниканы  15 пайыздық бастапқы жарнамен 7  пайызбен лизингке беру үшін шамамен 30 млрд теңге қажет екені айтылды. Жалпы есептеулерге сәйкес, бұл 872 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және жыл сайынғы шығындар мен егіннің толық жиналмауын қысқартуға мүмкіндік береді.