Мәсімов туралы мәлімет бергендерге 12 миллион теңге сыйақы жарияланды
Мәсімов туралы мәлімет бергендерге 12 миллион теңге сыйақы жарияланды
© halyq-uni.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жариялады. 
«Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған  НҰРЛАН МЫРЗАХАНҰЛЫ МАСИМОВ іздестірілуде. Іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз Сall орталық  1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808 Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген»,   –делінген хабарламада.
2022 жылы айлық есептік көрсеткіш  –  3 063 теңге. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.