Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды
Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды
365
оқылды
Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды.
«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты» делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылған болатын.