Алматы полицейлері автобустардағы 17 қалта ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы ер адамды ұстады.
https://www.youtube.com/watch?v=MTeqtkFBC70
– Соңғы арыз 23 мамырда келіп түсті. Әйел адам 206-бағыттағы автобуста белгісіз біреу IPhone телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгеннен кейін күдікті қамауға алынды. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Полицияның мәліметінше, ер адам негізінен қарбалас уақытта ұрлық жасап жүрген, күн сайын “жұмысқа” шыққан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тұтқындау кезінде ол өз тамырын кеспекші болды. Жауапкершіліктен жалтару әрекеті сәтсіз аяқталды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді, олар бір өндіріске біріктірілді. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.