Олимпиада жүлдегерлері марапатталды
Олимпиада жүлдегерлері марапатталды
223
оқылды
Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайында ErtisBalaFest фестивалі өтті. Оған облыс әкімі, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов, облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Илья Теренченко қатысты. Аймақ басшысы мәдени шара барысында пәндік олимпиада­лардың 62 жеңімпазын алтын, күміс және қола медальдармен ма­рапаттады. Ол өз сөзінде түлек­тердің жетістікке жететініне және міндетті түрде өздері таңдаған уни­­верситеттеріне оқуға түсетін­деріне сенетінін мәлім етті. – Сіздерге, сіздердің тәлімгер­леріңізге және ата-аналарыңызға сенеміз және әрдайым мақтан тұ­тамыз, – деді облыс әкімі. – Сіздердің әрқайсыңыз – еліміздің болашағының құрылысшысыздар. Табысқа жетіңдер, өмірден мүм­кіндік алыңыздар, біз сіздерді әрдайым қолдаймыз. Аймақ басшысы оқушыларға болашақта бүкіл әлемге танылып, барлық мақсат-мұраттарына жете берулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ оларды Отан үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның шынайы патриоттары болуға шақырды.