Қандастарға көмек көрсетіледі
Қандастарға көмек көрсетіледі
393
оқылды
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық фи­лиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жө­ніндегі Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті оты­рысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде қан­дас­­тарға қо­­лай­­лы жағдай жасау, оларға ақпараттық-құқықтық қол­­дау көрсету, сондай-ақ оқытуға, әлеу­меттік бейімде­луге және қоғамға кірігуге көмек көрсету туралы мәселе қаралды. Жиын барысында Қоста­най облысының Жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы, Қоғамдық даму басқармасы, Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы және «Отандастар қоры» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді. Тәуелсіздік жылдарында Қос­танай облысына шетелден 34,6 мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келді. Қандастар­дың негізгі ағымы Өзбекстан Республикасынан, Моңғолия­дан, Қытайдан және Ресей Фе­дерациясынан келді. Сондай-ақ Түрікменстаннан, Қырғыз Рес­публикасынан, Тәжікстаннан, Молдовадан, Украинадан, Әзербайжаннан, Ауғанстаннан қоныс аударғандар бар. Биыл көші-қон бағдарла­масы «Қуатты өңірлер – ел да­муының драйвері» ұлттық жо­басы шеңберінде жалғасып жа­тыр. Бағдарламаға қатысу­шы­ларға отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (214 410 теңге) мөлшерінде мемлекеттік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ қалалық жерге қоныс аударғандар үшін ай сайын 12 ай ішінде 20-дан 30 АЕК мөлшерінде (61 260 – 91 890 теңге) тұрғын үй жал­­дау және коммуналдық қыз­мет­терге ақы төлеу бойынша шы­ғыс­тарды субсидиялау қа­рас­тырыл­ған. Ал ауылдық жер­лерге қоныс аударғандар үшін отбасы мүшелерінің санына бай­ла­нысты 15-тен 21 АЕК (45 945 – 64 323 теңге) бөлінеді. Со­ны­­мен қатар қоныс аудару­шы­лар материалдық көмекті от­басына есептелген сома ше­гінде (551,3 мың теңгеден 1,1 млн теңгеге дейін) ала алады жә­не оны тұр­ғын үйді жеке мен­шікке сатып алуға пайдалануға құқылы. Қостанай облысы бойынша 2022 жылы қоныс аудару квота­сына 150 қандас қосу жоспар­ланған. Өңірлік кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені тал­қылап, өз пікірлерін білдірді және ұсыныстарын айтты.