Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
Фото: dalanews.kz
187
оқылды
Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы  Антикор хабарлады. Антикор өкілдері іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауды сұрайды. call-орталық 1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808 Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі. Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің  бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры. Сондай-ақ бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімовтің немере інісі.