Семейлік тұрғын зейнеткердің үйін өз атына аударып алған
Семейлік тұрғын зейнеткердің үйін өз атына аударып алған
447
оқылды
Семей қаласында зейнеткердің 10 млн теңге тұратын үйін өз атына аударып алған алаяқ ұсталды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 68 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол туысының үйге тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деп алдап, үйін атына аударып алғанын жеткізді.
«Осының салдарынан жәбірленушіге келтірілген материалдық залал мөлшері 10 000 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.