Қазақстанда референдум өтіп жатыр
Қазақстанда референдум өтіп жатыр
Фото: tv7.kz
224
оқылды
Қазақстанда референдум өтіп жатыр. Қазақстанда ең алғашқы референдум осыдан 27 жыл бұрын 1995 жылы өткен. Биыл  референдумда Конституцияға өзгерістер енгізеді. Ата Заңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Қазақстанның 18 жасқа толған әрбір азаматы референдумға қатыса алады. Барлық өңірде сайлау учаскелері жұмысын бастады. Сондай-ақ 52 мемлекетте дауыс беруге болады. Дауыс беру уақыты таңғы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.