Референдумды 272 халықаралық байқаушы бақылайды
Референдумды 272 халықаралық байқаушы бақылайды
Фото: vkurse.kz
183
оқылды
Халықаралық байқаушылар 11 ұйым мен 25 мемлекеттен келді. Оларды Сыртқы істер министрі мен орталық референдум комиссиясының төрағасы шақырған. Ел аумағындағы 10 мыңнан астам учаскеде науқанның әділ әрі ашық өтуін халықаралық байқаушылар бақылайды. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға 25 шет мемлекеттен және 11 халықаралық ұйымнан 272 байқаушы қатысатын болды. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет пен халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал етеді», – деді. Байқаушыларды тіркеу референдумға 5 күн қалғанда, яғни 30 мамырда аяқталды. Олардың арасында түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері, ТМД парламентаралық ассамблеясының мүшелері бар.