Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
190
оқылды
Қазақстандық былғары қолғап шебері Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді. Боксшы кәсіпқой рингке алғашқы қадамын АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде бастады. Ол америкалық Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) шеберлік сынасты. Орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған болатын. Әбілхан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша жерлесіміз кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады. Әбілхан Аманқұл 1997 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста 2017 жылы әлем чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері.