Ақмол ауылы сайлаушыларының негізгі бөлігі күндізгі он екіге дейін өз дауысын берді – Exit poll өкілі
Ақмол ауылы сайлаушыларының негізгі бөлігі күндізгі он екіге дейін өз дауысын берді – Exit poll өкілі
235
оқылды
Елдегі аса маңызды саяси оқиға – референдум кезінде бірнеше аймақтарда сайлау учаскелерінде Exit poll ұйымының өкілдері сайлаушылар арасында сауалнама өткізуде. «Демократия институты» қоғамдық ұйымының екі өкілі таңертеңнен Ақмола облысы, Ақмол елді мекеніндегі сайлау учаскелерінде референдумның өту барысын бақылап, респонденттерден сауалнама алыпты. «Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі аса жоғары. Сайлаушылардың негізгі бөлігі күндізгі он екіге дейін өз дауысын беріп үлгерді. Сайлау процестерін шетелдік журналистер де бақылауға алып, халықпен әңгімелесіп жатыр. Сайлауға жастармен қатар орта жастағы адамдар да қатысуда белсенділік көрсетті. Тіпті, дауыс беру учаскелерінде кезекке тұрған адамдардың қатары қалың болды. Сауалнамада респонденттерден жасы, жынысы, ұлты сондай-ақ Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсылығы немесе жақтайтыны жөнінде сұралды», – дейді Анаргүл Шындәулет. Ұйым өкілдерінің мәліметінше, exit-poll қорытындысы 6 маусым күні белгілі болмақ.