ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысында әскери борышын өтеген сарбаз өліміне не себеп болғанын атады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
“Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткеруге байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда”, – делінген хабарламада.Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз асылып қалғаны белгілі болды. Әскери бөлім қызметкерлері туыстарына оның өлер алдында жазған "хаттарын" жіберген.