Қазақстандық боксшылар АҚШ-та қарсыластарын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшылар АҚШ-та қарсыластарын нокаутпен жеңді
231
оқылды
Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО), Евгений Павлов (7-0, 5 КО), Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) және Әбілхан Аманқұл (1-0, 1 КО) АҚШ-та қарсыластарын нокаутпен жеңді. WBA International белбеуінің иегері Бек Нұрмағанбет  америкалық Хайнел Уилерді (7-1, 6 КО) нокаутқа түсіріп, проф рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Екінші жеңіл салмақтағы WBA International титулының иегері, қазақстандық боксшы Евгений Павлов мексикалық боксшы Алексис Салидомен кездесу өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл – Павловтың жетінші жеңісі болса, Салидо карьерасындағы үшінші жеңіліс. Одан бөлек қазақстандық боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл да жеңіске қол жеткізген. Абылайхан Жүсіпов қарсыласы Эдгар Рамиресті бірінші раундта, Әбілхан Аманқұл қарсыласы Девонте Макдональдті үшінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша алғаш рет АҚШ-та сынға түскен 4 боксшымыз кәсіпқой бокстағы қадамдарын жеңіспен бастады. https://www.youtube.com/watch?v=mCRk46qZGx4&feature=youtu.be