22.00-дегі жағдай: референдумда 8 миллионнан астам адам дауыс берген
22.00-дегі жағдай: референдумда 8 миллионнан астам адам дауыс берген
Алдын ала келу туралы деректер бойынша қазақстандықтардың 68,44% референдумда дауыс берген, – деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44%-ы бюллетень алды. 8 030 739 адам дауыс берген.    width=