Қызылордада жоғалған екі қыз Алматыдан табылды
Қызылордада жоғалған екі қыз Алматыдан табылды
287
оқылды
Қызылорда қаласында екі күннен бері хабарсыз кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздар Алматыдан табылды.
«Полиция қызметкерлері мен туыстары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, олар Алматы қаласынан табылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерді Қызылордаға жеткізіп ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.