2022 жылдың 5 маусымында «Қоғамдық пікір» институты «31 арнаның» тапсырысымен республикалық референдумға қатысушылар арасында Еxit poll өткізді. Сұрауға 24 мың респондент қатысты, – деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
Сауалнамада республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер қамтылды. Сауалнама 600 (алты жүз) сайлау учаскесінде өткізілді. Сауалнама қателігі 2% пайыз шамасында.
Респонденттерге «Айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
«Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдіргендер респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1 пайызды құрады», - делінген зерттеуде.