Демократия институты өткізген exit poll нәтижесі бойынша референдумға қатысушылардың 79,4% Конституцияға түзетулер енгізуді қолдаған.
Референдум аясында КТК телеарнасы «Демократия институты» ҒЗҚ өз бастамасымен өткізген exit poll – сайлау учаскелерінен шығу кезіндегі сауалнамаға ақпараттық қолдау көрсетті. Институт интервьюерлері дауыс беру күні 15 000 адамнан сұхбат алды.
Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, барлық облыс орталықтарындағы, ірі және шағын қалалардағы, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі 375 сайлау учаскесінде жүргізілді. Іріктеме қателігі ±2,7%