Бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлеп референдумға апармағанын аңғардым – Марат Шибұтов
Бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлеп референдумға апармағанын аңғардым – Марат Шибұтов
Фото: inbusiness.kz
358
оқылды
Саясаттанушы Марат Шибұтов референдумда алматылықтардың белсенділігінің төмен болғаны жайлы өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды 24.kz. Марат Шибұтовтың пікірінше, күні бойы қандай да бір құқықбұзушылықтар болмаған. Тіпті, ескертулердің болғанын оппозициялық БАҚ та айтпаған. Саясаттанушы Марат Шибұтов: «Менің ойымша, референдумға дауыс берушілердің аз келгені Алматыда референдум өтпеді деген сөз емес. Яғни, бұл ашық өткенін көрсетеді. Дауыс санау барысы әділ жүргенін әрі бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлеп референдумға апармағанын аңғартады. Дауыс беру ерікті түрде өткенін байқадық. Мен күні бойы қандай да бір құқықбұзушылық болды дегенді естімедім немесе ескертулердің болғанын оппозициялық БАҚ-та айтқанды да көрмедік»,с – деді. Бүгін референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесін жариялағанын хабарлаған болатынбыз.