Референдум-2022: дауыс беруге арналған соңғы учаске жабылды

Референдум-2022: дауыс беруге арналған соңғы учаске жабылды

Шетелдегі 65 учаскеде дауыс беру 72,95% болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06.00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды. Осылайша, Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды. Бұған дейін Ресейден Қазақстанға келген бақылаушы «Референдумда комиссия мүшелері швейцариялық сағат сияқты жұмыс істеді» деген болатын.