Референдумда комиссия мүшелері швейцариялық сағат сияқты жұмыс істеді – Ресейден келген бақылаушы
Референдумда комиссия мүшелері швейцариялық сағат сияқты жұмыс істеді – Ресейден келген бақылаушы
Фото: yandex.kz
197
оқылды
Қазақстанда референдумның өту барысын шетелдік бақылаушылар да жіті қадағалап отырды. 30-дан астам дауыс беру учаскесін аралаған Ресей Орталық сайлау комиссиясының өкілі Эльмира Хаймурзинаның айтуынша, халықтың белсендігі жоғары деңгейде болды. «Өзім Солтүстік Қазақстан облысында туып-өстім, кейіннен Ресейге кеттім. Референдумда халық белсенділік танытты. 30-дан астам сайлау учаскесін араладық. Комиссия мүшелері саяси науқанға тыңғылықты дайындалған. Дауыс беруге келген әрбір адамға жауапкершілікпен қарағанын байқадым. Деректер қоры бойынша, сайлау учаскелерін белгілеуге көмектесіп жатыр. Мұның бәрі швейцариялық сағат сияқты жұмыс істеді. Дауыс беру учаскелеріне ата-әжелер немерелерін ертіп келген. Немересі өскенде осы кезеңді еске алып, өзгеріс референдумнан басталғаны туралы айтып отырады деп ойлаймын», – деді Ресей Федерациясы ОСК өкілі Эльмира Хаймурзина.