«Бір аптада 500 мың теңге әкел» – ер адамды бопсалаған жас жігіт үш жылға сотталды
«Бір аптада 500 мың теңге әкел» – ер адамды бопсалаған жас жігіт үш жылға сотталды
Фото: yandex.kz
273
оқылды
Түркістан облысында ер адамнан ақша талап еткен жігіт 3 жылға сотталды, – деп жазады Polisia.kz. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне биыл ақпан айында жергілікті тұрғын шағымданды. Ол өзін белгісіз біреу бопсалап, ұялы телефонын тартып алғанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, оның араласып жүрген қызы қонақүйге шақырған. Екеуі бөлмеде болған кезде, бөгде ер адам кіріп келіп, «менің сүйген қызыма зорлық көрсеттің, сотталып кеткің келмесе, бір апта ішінде 500 мың теңге әкел» деп қорқытқан. Бейнетаспаға түсіріп, талап еткен қаражатты әкелмесең, таратып жіберемін деп ұрып-соққан. Қолындағы Samsung S9 телефонын тартып алып, «ақша әкелгенде аласың» деп бопсалаған. Полицейлер жедел іске кірісіп, күдіктіні анықтады. Полиция бөліміне жеткізді. Жас жігіттің бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасап, 2019 жылдың 26 желтоқсанында Қазығұрт аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын алғаны белгілі болды. Күдікті жазасын өтеп болмай жатып, қайта қылмыс жасаған. Енді Сарыағаш аудандық сотының шешімімен 23 жастағы жас жігіт 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.