Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 331 адам түрлі мерзімге сотталды
Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 331 адам түрлі мерзімге сотталды
Фото: REUTERS
147
оқылды
Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 331 адам түрлі мерзімге сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаңтар оқиғасына байланысты еліміз бойынша барлығы 5 065 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. 514 күдікті адам сот санкциясымен қамауда. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін немесе процестік келісім жасалғаннан соң істер бірден сотқа жолдануда. Бүгінде 337 қылмыстық іс сотқа жолданып, олардан 331 адам түрлі жазаға сотталды», –  деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның айтуынша, сотпен процестік келісім негізінде түскен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша қылмыстық істерді қарау нәтижелерімен 14 адам бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталды.
«Заң бойынша аталған санаттағы істер он тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады. Қалған қылмыстық істер соттармен орта есеппен 2 айға дейін қаралады. Бұл іс бойынша сот тергеуінің жүргізілуімен, қылмыстық процестік барлық тараптарын тыңдау және олардың уәждерін қарау қажеттілігімен түсіндіріледі. Соттармен жасалған қылмыстың барлық мән-жайлары мұқият зерделенеді. Бұл процедуралардың барлығы әділ сот актісін шығару үшін қажет», –  деді Елдос Қилымжанов.