Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде сенбі күні қайтыс болған 19 жастағы Еділ Тешеновтың досы ZTB.kz редакциясына оның Instagram арқылы жіберген соңғы аудиохабарламасын берген. Досы оның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты. Айтуынша, Еділ үнемі ақша жіберуді сұраған. Алайда ақша не үшін керек екенін айтпаған. Туыстары да сарбаздың қайғылы оқиға болған күннен бір күн бұрын 5 мың теңге сұрағанын айтады. Бұған дейн Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде 19 жастағы сарбаз көз жұмғанын жазған болатынбыз. Әскери бөлім қызметкерлері оның асылып қалғанын хабарлады. Туыстары сарбаздың өзіне қол салғанына сенбейді, оны әдейі өлтірген деп есептейді. Қайғылы оқиғаның әділ тергелгенін талап етуде.