Атырауда көпқабатты үйдің ашық терезесіне шығып алған 2 кішкентай бала құтқарылды
Атырауда көпқабатты үйдің ашық терезесіне шығып алған 2 кішкентай бала құтқарылды
Фото: Атырау облыстық ПД
323
оқылды
Атырау облысында полиция қызметкерлері ашық терезеден қарап тұрған 2 бүлдіршінді аман алып қалды, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. 
Белгілі болғандай, 5 маусым күні сағат 19.00 шамасында Мақат аудандық полиция бөліміне 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіндердің 2-қабаттағы ашық терезеден қарап тұрғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Тойғожа Азбергенов, полиция аға лейтенанты Ренат Исемғалиев, полиция аға лейтенанты Аслан Мұсаев және Мақат ауданының Қайрат есімді тұрғыны екінші қабаттағы терезеге өрмелеп шығып, балаларды қауіпсіз жерге шығарды.
«Пәтер ішінде 2 бүлдіршін жалғыз болған. Ювеналды полиция инспекторлары балалардың 1997 жылғы ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді», делінген ПД хабарламасында.
Полицейлер ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.