Көркем гимнастикадан финалға шықты
Көркем гимнастикадан финалға шықты
338
оқылды
Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өз мәре­сіне жетті. Елжана Тәниева шығыршықпен орын­дала­тын жаттығулар финалында 8-орын, тас­памен өнер көрсетуде 5-орын иеленді. Сондай-ақ ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша Қазақстан командасы әлем кубогінің финалында өнер көрсетті. Қыздарымыз шығыршықпен өнер көрсетуде 6-орынға ие болса, доп пен таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақ­тады. Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.

Асыл ТҰМАР