Дана шешім
Дана шешім
204
оқылды
Әр күн демей-ақ қояйын, әр апта, ай ауыс­қан сайын өмі­рі­мізде жарқын жаңа­­лықтар болып жа­тыр десем, асы­­рып айт­қан­дық бола қоймас. Консти­туциямызға түбе­гейлі өзге­рістер мен толық­тырулар енгізген жалпы­халықтық референдумның өткізілуі осындай жарқын жаңалықтар­дың қата­рын­да. Мұның қай-қайсысы да күнделікті тір­ші­лігімізге ғана емес, келер күні­мізге, жарқын болаша­ғы­мызға да тікелей қатысты. Бұл жерде мен нақты бір мә­селе – жер жәннаты Жетісу жерін­де жаңа облыстың дү­ниеге келуі, бұ­рын­ғы ірі аймақтың екі бірдей об­лысқа бөлінуі жайын­дағы ой-тұ­жы­ры­мымды ортаға салып өтсем деп отырмын. Мыңжылдықтар тоғысында біз Алматы мен бұрынғы Талды­қорған облыстарының қосылға­нына куә болдық. Ақиқатына кө­шетін бол­сақ, бұл қадамның дұ­рыстығын өмір­­дің өзі дәлел­де­ді. Облыс ор­та­лы­ғы стату­сы­нан айрылғаннан кейін жүдеу күй кешкен Тал­ды­қор­ған жаңа мәртебе алғаннан кейін көз ал­ды­мызда көркейді. Аз ғана уа­қыт­тың ішінде қаншама жаңа ғи­марат пен тұрғын үй са­лы­нып, ажар­ланып, айшық­та­лып шыға келді. Ендігі жерде дана да да­ра тұлға­ның атын иеленген Қонаев қаласы да тура осылай көр­кейіп, жаңа кейіпке енеді деп ой­лай­мын. Об­лыс орталығына айналған соң ондай қиын­дықтардың ауылы алыс қалып, Жетісудың жауһар қа­ласына ай­налған Тал­дықор­ған­ның үлгісімен жасарып, жаңара тү­се­тіні еш­қандай күмән тудыр­май­ды. Аймақтарды жедел басқа­рып, туындайтын өзекті мәсе­лелерді дер кезінде шешудің жеңіл­­дейтіні өз алдына бөлек мәселе. Ай­на­ладағы аудандар мен қалалар тұрғын­да­рының облыс орталығына барып-келу мәселесінің оңайлайтыны да қуан­тып отыр. Ендігі жерде жүз­де­ген шақырым жердегі Талды­қор­ғанға барып-келіп, мә­селе шешу үшін бірнеше күн жұм­саудың қа­жеттігі бола қой­май­ды. Мұның бәрі Президен­ті­міз­дің әбден ойлас­ты­рыл­ған дана шешім қабыл­дағанын көрсетеді.

Әбдіжаппар ҚЫСТАУБАЕВ, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Агрофирма Бірлік» ЖШС-ның бас директоры