Сырым Ертаев: Қоғамның жаңалыққа ұмтылысы – жақсылықтың нышаны
Сырым Ертаев: Қоғамның жаңалыққа ұмтылысы – жақсылықтың нышаны
178
оқылды
Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев референдум барысында ел-аймақты аралап, халыққа тарасында түсіндірме жұмыстарын жүргізгенін сөз етті.  – Мәжілістің 107 депутаты референдум алдында екі мәрте он-он күннен республиканың өңір-өңірлерін аралап, халықпен кездесіп, олардың ахуалымен танысты, пікірлесті, болашаққа құрған жоспарларын тыңдады. Мен де Түркістан облысының шалғай ауылдарына дейін барып, біраз жұртпен жолығып қайттым. Сонда байқағаным – халықтың жаңа Қазақстанға деген үміті өте зор, олардың жүрегінде ендігі уақытта әділетті қоғам орнайды, демократияның белгілері күшейеді, әл-ауқатымыз жақсарады деген үлкен сенім бар. Сондықтан да шығар, референдум қорытындысы бойынша өңірлердің қатысу көрсеткіші жоғары болды. Қоғамның мұншалықты жаңалыққа, өзгеріске ұмтылысы тек жақсылықтың нышаны деп білемін, – деді Сырым Ертаев.