Ертеңнен бастап шекарадан өткенде вакцинация паспорты мен ПТР тест анықтамасын көрсету талабы жойылады

Ертеңнен бастап шекарадан өткенде вакцинация паспорты мен ПТР тест анықтамасын көрсету талабы жойылады

Қазақстанда карантин талабы жеңілдеді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың баспасөз қызметі хабарлады. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешім қабылдады:

  • Биыл 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды;
  • Республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастайды.