Бала күтіміне және жүктілікке байланысты берілетін төлем көлемі артады

төлем
Фото: elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке, босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің көбейетінін айтты. 

Министрдің айтуынша, қазір жәрдемақыны көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Әйелдерге жүктілігі үшін әлеуметтік төлемдер бір жыл бойы берілсе, басқа жәрдемақыны екі жыл алады.

Әйелдерге берілетін тиісті төлемдердің бәрі сақталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескеріп, жұмыстан айырылу, жүктілік және босану, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемді көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.