"Референдум – реформалардың бастауы" – Мәжіліс депутаты
"Референдум – реформалардың бастауы" – Мәжіліс депутаты
237
оқылды

5 маусым күні Қазақстанда жалпыхалықтық референдум өтті. Нәтижесінде тұрғындардың басым бөлігі жаңа Конститутцияны қолдап, дауыс берді. Мәжіліс депутаты Рахымжанов Әмірхан мұны шын мәнінде жалпыхалықтық деп атауға болатынын айтты.

"Өз тарапымнан қосарым, мен дауыс берген сайлау учаскесінде азаматтардың жоғары белсенділігін, дауыс беру үдерісін ұйымдастырудың жоғары деңгейін және комиссия мүшелерінің үйлесімді жұмысын байқадым. Бақылаушылар да болды.

Жақын туыстарымның, достарымның, таныстарымның арасында дауыс беру құқығын пайдаланбаған бірде-бір адам болған жоқ. Осы арада, біздің қоғам бірте-бірте кемелденіп, азаматтық саналылық пен саяси жауапкершілік танытуда деп ойлаймын. Мәжіліс депутаттарының Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру мақсатында өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары сөзсіз өз рөлін атқарды. Қазақстандықтар Конституцияға енгізілген түзетулер мен толықтыруларды қолдай отырып, Мемлекет басшысының саясатына сенім білдірді.

Кеше Президент референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасап, "референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болғандығын, ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсеткенін" атап өтті.

Біз реформалардың енді басталғанын түсінуге тиіспіз. Мемлекет басшысы халқымыздың қолдауымен елді жан-жақты жаңғыртуды жалғастыратын болады.

Біз Жаңа Қазақстанды бірлесе құруға жол аштық" – деп жазды депутат өзінің фейсбуктегі парақшасында.