Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті сынға алды. «Қолыңыздан келмей ме?! Отставкіге кете салыңыз!» – деді ол жазбасында. Заңгердің пайымынша, дамыған елдер ғылымға, өркениетке ұмтылса, біз шүберектен әріге аса алмай отырмыз.
«Балаларға кәмелет жасына жетпей ата-анасы өз наным-сенімдерін тықпалап, мәжбүрлеуге болмайды» деген заңды енгізу керек! Әр бала кәмелет жасқа толғанда бұл мәселені өзі шешуі керек! Асхат Аймағанбетов мырза, балалардың киімімен емес, ең алдымен, білімімен айналысқаныңыз жөн!!! Қолыңыздан келмей ме?! Отставкіге кете салыңыз!", – деді Айгүл Орынбек.Еске сала кетейік, бұған дейін министр Асхат Қанатұлы: «Біз ата-анасы баскиім таға алмағандықтан мектепке бара алмай жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себептердің әсерінен балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді, ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек» деген еді.