Елде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Елде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
4,098
оқылды
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілі Қазақстанда алаяқтық жиілеп кеткенін ескертті.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін жасырынып қалып, телефондарын өшіріп тастайды", - делінген хабарламада.
2022 жылғы сәуірде ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген.