Түркістанда 9-сынып оқушысы кәсіп ашты
Түркістанда 9-сынып оқушысы кәсіп ашты
Түркістан облысында 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты. Ол өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылық танытқан. Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы оны Төрткөл ауылдық округінде осы кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер оқушыға өз білгенін үйретеді. Осылайша Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған.
«Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығын, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды. Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок өнім шыкты. Дайын өнімнің бір келісін 1 000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2-4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімі сатылымға шығарылса, соңғысы консервіге жабылады», - дейді жас агроном.