Еуропа кубогында үздік
Еуропа кубогында үздік
158
оқылды
Қазақстандық спортшы Польшада өткен триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды. Жеңімпаз 5 шақырымға жүгіру, жүзу және веложарыстан кейін анықталды. Польшаның Жешув қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты. Олардың арасында қазақстандық үш атлет бар: Александр Тен, Егор Крупяков және Данил Породнов. Мәреге бірінші болып Александр Тен келіп, 00:59:51 уақытын көрсетті. Егор Крупяков – 14-орынға (01:02:05), Данил Породнов 16 орынға (01:02:26) ие болды.