5 маусымдағы жалпыхалықтық референдум расында халық үшін маңызды шешім қабылдайтын күн болды. Халық «Жаңа Қазақстан» мен болашағымыздың жарқын болуы үшін таңдау жасады.
Президент халыққа барынша еркіндік беруді мақсат етіп, мүмкіндік беріп отыр. Жаңашылдық әр кезде де керек. Ата Заңымыздың бір емес, 33 бабына өзгеріс енгізілмек. Ол – Конституцияның үштен бір бөлігі. Осындай маңызды шешімді қабылдау құзыреті тек Парламент қабырғасында қалмай, халықтың қатысуымен шешілгені керек.
Егемендік алғалы бері 30 жылдан асып барады. Жаңаратын, жаңғыратын уақыт келді. Қай-қайсысымыз да елімізді өркениетті елдер қатарынан көргіміз келіп армандайтынымыз ақиқат.
Біздің таңдауымыз болашақ ұрпағымыздың жолын ашып, қоғамның дамуына серпін береді. Референдум жаңашылдықтың бастауында болғанын қалаймын.
Айжан СӘРСЕМБАЕВА,
Атырау қалалық мәслихат депутаты,
№18 «Балдырған» бөбекжай-бақшасы
директоры