Референдум Қазақстанда саяси өзгерістің индрайвері болды – Эдуард Полетаев
Референдум Қазақстанда саяси өзгерістің индрайвері болды – Эдуард Полетаев
Фото: press-unity.com
264
оқылды
Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін референдум өтті. Саясаттанушы Эдуард Полетаев саяси науқанда «AMANAT» партиясы елмен етене жақын жұмыс істегенін айтты. Бұл туралы Эдуард Полетаев Facebook-тағы парақшасында жазды. «Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге 7 млн 985 мың 769 адам (референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың 68,05%) қатысты. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 6 миллион 163 мың 516-сы (77,18%)  пайызы Конституциялық түзетулерді жақтап, дауыс берді. Конституциялық түзетулерге қарсы 1 миллион 490 мың 470 адам (18,66%) дауыс берген. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдаған бюллетеньдер саны – 125 мың 859 (1,58%) бюллетень. Белгіленбеген үлгідегі не дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады. Мұндай бюллетеньдердің саны 2,58% немесе 205 мың 924 болды. Осылайша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде Ата Заңға ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдумды өткізуге байланысты «AMANAT» партиясы жанынан Парламент Мәжілісінің төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Штабқа Парламент депутаттары, зиялы қауым, мәдениет, спорт саласының өкілдері, жастар да кірді. Өңірлерде облыстық және аудандық деңгейде штабтар құрылып, республика бойынша барлығы 218 штаб жұмыс істеді. Референдумда партияның жаңа төрағасы Ерлан Қошанов пен атқарушы хатшы Асхат Оралов табандылық танытты. «AMANAT» партиясы ауыл аймақты аралап, жергілікті тұрғындардың айтарын тыңдап, шалғай елді мекендегі елмен кездесу өткізді. Елімізде кез келген азамат идеясын айтып, оны жүзеге асыра алады. Себебі, референдум биыл Қазақстанда саяси өзгерістің индрайвері болды. Көпшіліктің үмітінен күдігі басым болса да, көздеген мақсатқа қол жеткіздік. Әлеуметтік желіде сын айтқандардың қарасы да аз болмады. Тұтас елдің бірлігін сақтау үшін идеологияны іске асыруда  «AMANAT» партиясының арқалайтын жүгі ауыр. Сондықтан сөз бен істің арасын алшақтатпай, алға қарай қадам басу өте маңызды», – деп жазды Эдуард Полетаев.