TikTok түсіремін деп суға батып кеткен жігіттің соңғы видеосы пайда болды
TikTok түсіремін деп суға батып кеткен жігіттің соңғы видеосы пайда болды
402
оқылды
Ақтауда құтқарушылар 18 жастағы студенттің денесін тапты. Ол теңізде сүңгіген видеосын әлеуметтік желіде жарияламақ болған, – деп хабарлайды Lada.kz. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таңертеңгі сағат 07.33 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін тапқан. Құтқарушылар жігітті 15-шағынауданға жақын жағалаудан теңіздің 6 метр тереңдігінен тапқанын айтты. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=XOacU8LIK2s&feature=emb_title