Қазақстаннан жеңілген Словакияның бас бапкері ресми түрде қызметінен босатылды
Қазақстаннан жеңілген Словакияның бас бапкері ресми түрде қызметінен босатылды
292
оқылды
Словакия футбол одағының атқарушы комитеті Словакия құрамасының бас бапкері Штефан Тарковичті жұмыстан босату туралы шешім қабылдады. Маманның қызметінен кетуіне басты себептердің бірі – 2021 жылдың күзінен бастап іріктеу матчтарында Ресей және Хорватия командаларымен өткен сәтсіз ойындар әсер еткен. Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары УЕФА Ұлттар Лигасының С дивизионында бір топта ойнайды. Трнавадағы алғашқы матч 0:1 есебімен Магомед Адиев баптайтын "қаршығалардың" пайдасына аяқталды. Әзірге үшінші топта қазақ құрамасы 6 ұпаймен көш бастап тұрса, 3 ұпайы бар Словакия екінші орынға жайғасқан.