Жеңілдікпен үй алмақ болған Өскемен тұрғыны 10 миллион теңгесінен айырылды
Жеңілдікпен үй алмақ болған Өскемен тұрғыны 10 миллион теңгесінен айырылды
Фото: uralskweek.kz
179
оқылды
Өскеменде үй алмақ болған тұрғын алаяққа алданып, 10 500 000 теңгесінен айырылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 38 жастағы қала тұрғыны арзанға пәтер сатып алуға көмектесемін деген танысына 10 500 000 теңге бергенін айтып, полициядан араша сұрады. Алайда ер адам ақшаны алған соң мүлде хабарсыз кеткен. Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті жәбірленушіге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.