Өскеменде 9 қабатты үйдің қабырғасы құлады – видео
Өскеменде 9 қабатты үйдің қабырғасы құлады – видео
Фото: yk-news.kz
418
оқылды
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы құлады. Оқыс оқиға Гагарин бульварындағы 9 қабатты тұрғын үйде болды. Бұл туралы YK-news.kz порталы жазды. Дереккөздің жазуынша, үйдің кіреберісіндегі қабырға есікпен бірге опырылып құлаған. «Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар аман-есен. Алайда құлаған қабырғадан жақын маңда тұрған автокөлікке зақым келді», – деді ТЖД өкілі.   Бұған дейін Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында жаңадан салынған үйлердің қабырғасы цементсіз қаланып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.