«Бүгінгі зейнетақы заңына сәйкес азаматтар жұмыс орындарын босатпай, 60-63 жасқа дейін отыра беретін болса, артынан келе жатқан жаңа буынға жұмыс жоқ деген сөз. Соңғы кездері Үкіметтің зейнетақы саласына назар аударып, ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатқанын білеміз. Осыған байланысты, азаматтардың сенаторларға жолдаған көптеген өтініштерін ескере отырып, әйелдердің 58 жасында зейнетке шығу жасын белгілеуді, ал еңбегін одан әрі жалғастыру мәселесін өз еркіне қалдыруды ұсынамыз», – деді Дана Нұржігіт Сенаттың жалпы отырысында.Сенатордың айтқан деректері бойынша, қазір Қазақстанда 453,1 мыңға жуық жұмыссыз адам бар. Оның ішінде 15-28 жас аралығындағы 9 262 адам жұмыс іздеп жүр және оларға жыл сайынғы жоғары оқу орындарының түлектері қосылады. Олар да әрдайым уақытылы жұмыс таба алмайды.
Сенат депутаты әйелдерді 58 жаста зейнетке шығаруды ұсынды
477
оқылды
оқылды