Референдумның серпінін тұрақты белсенділік пен тиімділік үшін пайдалану қажет – саясаттанушы
Референдумның серпінін тұрақты белсенділік пен тиімділік үшін пайдалану қажет – саясаттанушы
209
оқылды
Елімізде 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізу мақсатында жалпыхалықтық референдум өтті. Ауқымды саяси процес кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарына қатысты саясаттанушы Данияр Әшімбаев пікір білдірді. Саясаттанушы әлеуметтік желідегі жазбасында референдум қорытындысы және референдум кезіндегі үгіт-насихат жұмысы жайлы ой бөлісті.
«Референдум қорытындысынан бөлек үгіт-насихат жұмыстарын жайлы да қорытынды айту қажет. Әрине, негізгі үлес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тиесілі. Елдегі бірінші тұлғалардан Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин белсенділік танытты. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та өз үлесін қосты. Негізгі жұмысты AMANAT партиясы базасында құрылған қоғамдық штабтар орындады (республикалық штабты партия көшбасшысы және Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов басқарды). Түсіндіру жұмыстарын жүргізу процесіне барлық дерлік партиялар қатысты (бірінші кезекте, «Ақ Жол» партиясы), бірақ негізгі салмақ «аманаттықтарға» түсті. Мемлекеттің ақпараттық кеңісте монополиясының болмауы, дәстүрлі масс-медиа (газеттер, Теледидарлар, тіпті сайттар) рөлінің төмендеуі және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің дамуы жағдайында аудиторияны барынша мол қамту үшін халықпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді әрі кешенді жұмыс жүргізу керек болды. Өздеріңіз білетіндей, дауыс беруге келгендер саны 68%-тен асты. Бұл – өте үлкен жетістік. Жеңімпаз өңірлер: Түркістан (80,7%), Қызылорда (79,9%), Қарағанды (77,4%) және Шымкент (72,5%) болды. Ал аутсайдерлер ретінде Алматы (33,3%), Нұр-Сұлтан (57%) және Ақтөбені (68%) атауға болады. Дауыс беру нәтижелеріне келетін болсақ, ең жоғары нәтижелер Көкшетау (81,8%), Павлодар (81,6%), Нұр-Сұлтан (79,6%), Түркістан және Талдықорған (79%), Шымкент (78,9%), Павлодар (78,7%), Тараз (78,6%) қалаларында тіркелді. Конституцияға енгізілген түзетулерге ең аз дауыс Алматы (65,2%), Маңғыстау (71%), Ақтөбе (71,5%), Атырау (73,1%), БҚО (73,3%) берілді. Алайда басым көпшілігі президенттік реформаларды қолдағаны көрініп тұр. Ендігі кезекте бұл сандарды мұқият талдау керек. Наразы дауыс берудің себебі неде екенін анықтау қажет. Себебі түзетулердің басым бөлігі адам құқықтарын қорғауды жақсартуға және мемлекеттің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Оңтүстік астана, әуелден ең саясиланған және саяси процестерге белсене қатысатын аймақ қатарынан емес. Бірақ батыстағы аймақтар қайтадан наразылық орталықтарына айналды, сонымен қатар Ақтөбе облысында оның деңгейі артты. Үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары мәселесі тұрғысынан ел халқы уәделерді «таза түрде» аз қабылдайтынын атап өткен жөн (егер олар «кредиттік рақымшылық» және жәрдемақылардың жаңа түрлері бойынша популизммен байланысты болмаса). Депутаттық корпус атқарылған жұмыстар туралы есеп бере алуы тиіс әрі ол жұмысты адамдардың өздері көре алса жақсы болар еді. Осы арада біз Мәжіліс пен мәслихаттар арасындағы тұрақты түрде өсіп келе жатқан алшақтықты көріп отырмыз. Соңғы  айтып отырғандардың біразы белсенді емес. Ал сайлаушылар оларды тіпті көрмеген (бұл, әрине, барлық депутаттар туралы емес) әрі олардың жұмысы туралы ештеңе білмейді. AMANAT партиясына референдум тұрғысында негізгі заңға енгізілген түзетулерді ғана емес, өзін, депутаттарын, өз нәтижелерін таныстыра отырып, орасан зор жұмыс атқаруға тура келді. Науқан барысында «Әлеумет» аналитикалық жобасы, TALQYLAU сараптамалық-пікірталас алаңы іске қосылды, қоғамдық қабылдаулар желісі жандандырылды. Оның ішінде заңгерлерді Халықпен жұмысқа қосу және түзетулерді түсіндіру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілді. Партия бұл міндетті орындап, болашақ парламенттік сайлауға әбден дайын болған сияқты. Ең бастысы – процестен шықпау және референдумның серпінін тұрақты белсенділік пен тиімділік үшін пайдалану», - деп жазды саясаттанушы.