Ашық аспан астындағы сабақтар
Ашық аспан астындағы сабақтар
Павлодардың қалалық мәдениет және демалыс саябағында нағыз жайлау ашылды. Бірден бірнеше алаңда барлық тілек білдірушілерге қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу ұсынылды, ал сахнада қаланың шығармашылық ұжымдары театрландырылған қойылым ұйымдастырды. «Жайлауда» акциясын «Ана тілі» тіл орталығы «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымымен бірлесіп «Ұлттық мұра» және «Бақытты отбасы» жобаларының аясында ұйымдастырды. Іс-шараның ерекше форматы демалушылардың назарын аударып, мемлекеттік тілді, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлерін үйренуге деген қызығушылықты арттырады.
 «Ең бастапқы мақсат мемлекеттік тіл, тікелей келісім дейміз бе, мейірімділік дейміз бе? Осының бәрі жайлауда болған ғой. Ата заманда күн жылынғанда ел демалуға шығады. Бізде осылай мереке күні ел мен бірге болып, мына қазақ тілінің аясында барлығымыз жиналып қалдық жайлауда», – деді «АНА ТІЛІ» тіл орталығының директоры Шолпан Кинжикова.
Бастауыш партия ұйымына партиялық жарналардан аударылған 20 пайыздық қайтарымды қаражаттың арқасында «AMANAT» белсенділері этно-жайлауды ұйымдастыруға үлкен үлес қосып, балаларға шағын сыйлықтар таратты. Партия халыққа осындай маңызды және қызықты жобалар барлық жерде қолдауға ие болатынына сендірді.
«Осы Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасы бар 2025 жылға арналған. Осы сайлауалды бағдарламада ең бастысы ұлттық құндылықтарымызды өркендету, оны сақтау бүгінгі таңда қоғамның ең басты құндылығы деп санаймыз. Сондықтан, жастарға бүгінгі шарада тіл мәдениетін көрсету. Шараның ең негізгі мақсаты ұлттық тәрбиелеуде көрсету», – деді партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәликова. «Меніңше, біздің азаматтық парымыз. Өйткені, Қазақстан біздің ортақ үйіміз. Сондықтан, қазақ тілін білген жөн», – деп ойымен қала тұрғыны Наталья Коленко бөлісті.
«Ана тілі» орталығы осыған дейін мемлекеттік тілді үйрету бойынша түрлі іс шаралар жүргізген. Олар ұлттық ойындар арқылы әңгімелесе отырып, жастарға ауызекі тілді үйреткен. Бүгінгі күні орталықтың арқасында 1000-нан астам адам мемлекеттік тілді меңгерген.